Қарағандыда автобуста қалта ұрысы қылмыс орнында ұсталды
Қарағандыда автобуста қалта ұрысы қылмыс орнында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласы ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері мүліктік қылмыстың алдын алу бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізді.
Қоғамдық көліктердің бірінде рейдтік шара кезінде полицейлер жолаушының сөмкесінен әмиянды шығарып алмақшы болған ер адамды ұстады.
Анықталғандай, ұсталған адам ұрламақ болған әмиянның ішінде 9,5 мың теңге көлемінде ақша мен құжаттар болған. Жәбірленуші 19 жастағы қыз сөмкесінен әмиянды алып жатқанын байқамаған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы бойынша (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.