Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда автокөлік ішінен қомақты ақша ұрлап кеткен ауыл тұрғыны ұсталды

Қарағандыда автокөлік ішінен қомақты ақша ұрлап кеткен ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 шілде күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 32 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші Қарағанды қаласына жұмыстарымен келіп, жер үйлердің біріне тоқтаған. Түнгілік сағат 22.00 мен 23.00 аралығында аулада тұрған автокөлігіне белгісіз біреулер кіріп, ішінен 340 мың теңге ұрлап кеткен.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

1 тамыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, ақшаны өз пайдасы үшін жұмсағанын айтқан.

Осыған ұқсас жағдай қаланың Оңтүстік-Шығыс ауданында да орын алды. Полиция бөліміне 29 жастағы мекемелердің бірінде экспедитор болып жұмыс істейтін азамат арызданған. Ол сауда нүктелерінің біріне зат апарғанда белгісіз біреу, есігі ашық тұрған көліктен ішінде 30 мың теңгесі бар әмиянын ұрлап кеткені туралы шағымданды.

Кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат ретінде әмиян тәркіленді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру