Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қоғамдық көлікті жүргізіп жүрген құжатсыз шетелдік анықталды

Алматыда қоғамдық көлікті жүргізіп жүрген құжатсыз шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Белгілі болғандай, Өзбекстан азаматы 126-шы бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдаған. Бұл деректі Алмалы ауданының полицейлері “Қауіпсіз жол” айлығы барысында анықтады.

– Тексеру кезінде жүргізушіде өзімен бірге жеке басын растайтын құжаттары да, жүргізуші куәлігі де болмады. Ер адам оларды жұмыс орнында ұмытып кеткенін айтты. Бұл – Заң талаптарын анық ескермеу және соның салдарынан жолаушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіру. Жүргізуші мен автопарк басшылығына қатысты әкімшілік шара қолданылды, – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.

Сонымен қатар, полиция Алматыда 19 шілде мен 18 тамыз аралығында «”Қауіпсіз жол” республикалық айлығы өтіп жатқанын еске салды. Полиция жол-көлік оқиғаларын азайтуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оған қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалауға, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстар мен басқа да заңсыз көріністердің дер кезінде алдын алуға және жолын кесуге ерекше көңіл бөледі. Қоғамдық көліктер арасында жол қауіпсіздігінің алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру