Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер ұрланған велосипедті иесіне қайтарды

Ақмолалық полицейлер ұрланған велосипедті иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының тұрғыны полицияның Instagram аккаунтының әлеуметтік желісінің жеке парақшасында учаскелік инспектор Елжас Қыйықовтың және оның көмекшісі Нұрлан Қалиевтың атына кәсібилігі мен жұмысына адалдығы үшін алғыс сөздерін жариялады.

Қала тұрғынының сөздері бойынша, 18 маусымда оның подъездің үшінші қабатында қалдырылған BMW велосипедінің жоғалғанын байқап, полицияға хабарлаған.

Бейнебақылау камераларының жазбаларында қаскүнемнің жүзін көру мүмкін болмағанына қарамастан, тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтады.

Ол облыстық орталықтың 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам зардап шегушінің көрші подъездерінің бірінің тұрғыны екені, ал жазғы уақытта саяжайда тұратыны белгілі болды.

Полицейлер велосипедті тәркілеп, заңды иесіне қайтарды, ол өз кезегінде полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру