Қарағандыда бірнеше алаяқтыққа қатысы бар жігіт анықталды
Қарағандыда бірнеше алаяқтыққа қатысы бар жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 28 және 45 жастағы қала тұрғындарынан өтініштер келіп түсті. Жәбірленушілердің назарына әлеуметтік желілерде жарияланған және бірнеше фотосуреттермен безендірілген жеке үйді күнделікті жалдау туралы жарнама түскен. Пәтерді жалға берушімен келісіп, алдын ала бірі – 80 мың, екіншісі – 25 мың теңге ақша аударған. Өтініш берушілер жалдамалы пәтерге көшуге тырысқанда, бұл басқа адамға тиесілі болып шығады. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 21 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол бірнеше күн бойы жеке үйді жалға алғанын түсіндіріп, мойындады. Содан кейін ол әлеуметтік желілерге күнделікті жалдау ақысы туралы хабарландыру орналастырған.
Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің осыған ұқсас тағы үш қылмысқа қатыстылығын анықтады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.