Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда 22 жастағы қыз зейнеткердің банк картасынан ақша шешіп алған

Теміртауда 22 жастағы қыз зейнеткердің банк картасынан ақша шешіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 қыркүйекте 69 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне жүгінді. Зейнеткер белгісіз біреудің банк картасынан шоттағы барлық қаражат – 120 мың теңгені ұрлап кеткенін айтты. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

4 қазанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 22 жастағы бойжеткенді анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады.

Анықталғандай, күдікті зейнеткерге күнделікті мәселелерді шешуге көмектесіп жүрген. Жәбірленушінің банк картасына қол жеткізе отырып, ол жаңа ғана алған зейнетақысын шешіп алған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру