Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды

Қарағандыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамызда 42 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне хабарласты. Белгісіз біреу көпқабатты үйдің жертөлесіне кіріп, автокөлік бөлшектерін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 170 мың теңгені құрайды.

Оқиға орнына келген Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері, ұрының кірпіштен жасалған қабырғаны бұзып, жертөлеге кіргенін анықтады. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні 35 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұсталған азаматтың тағы бір ұрлыққа қатысы бар екендігін анықтады. Бір күн бұрын қылмыскер жас қыз тұратын пәтерге кіріп, 50 мың теңгенің алтын сырғасын ұрлап кеткен. Құқық қорғау органдары заттай айғақты тәркіледі.

Екі факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Полиция күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру