Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйде рөлге отырған 21 солтүстікқазақстандық көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылды

Мас күйде рөлге отырған 21 солтүстікқазақстандық көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында көлікті мас күйде тізгіндеген 700-ден астам жүргізуші ұсталды. 44 жүргізуші осы әрекеттері үшін бұрын көлік басқару құқығынан айырылып үлгерген. Оларға қатысты қылмыстық заңнамамен көзделген шаралар қабылданды.

Жауапкершілік қатаңдатылса да кейбір жүргізушілер бұдан сабақ алатын емес. Осы аптада Тайынша ауданында көлікті орташа алкогольдік масаң күйде басқарған 38 жастағы жүргізуші ұсталды. Ол екі жыл бұрын жүргізуші куәлігінен бес жылға айырылыпты. 

Қазіргі уақытта осыған ұқсас 11 факті бойынша материалдар соттың қарауына жіберілді. 21 солтүстікқазақстандыққа қатысты сот үкімдері шығарылды. Олардың барлығы көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылды. Сегіз жағдайда мас жүргізушілер бас бостандықтарынан айырылды. Ең төменгі мерзімі – алты ай.

Өзгелерінің бас бостандығы шектелді. Басқа оқиғалар анықтау бөліністерінің қарауында.

– Жолдағы тәртіп – жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігінің кепілі. Қабылданып жатқан шаралардың барлығы жолдағы жағдайды жақсартуға бағытталған. Әр жүргізуші жол үстінде өзінің әрекетіне жауапкершілікпен қарауы тиіс, – деп атап өтті СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.

Үстіміздегі жылдың жеті айында мас жүргізушілердің кінәсінен СҚО жолдарында 14 жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан үш адам қайтыс болып, 20-дан астамы жарақаттанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру