Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер велосипед ұрлаған адамды қолға түсірді

Жамбылдық полицейлер велосипед ұрлаған адамды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 14 тамызында сағат 22:00-де Шу ауданының полиция бөліміне 37 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, үйінің ауласынан велосипед ұрланғаны туралы шағымданған. Жәбірленушіге 80 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен Алға ауылының 45 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған дерекке қатысты 188-бап (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Велосипед иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру