Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз түрмесінде шәйнек ішінен тыйым салынған заттар табылды

Тараз түрмесінде шәйнек ішінен тыйым салынған заттар табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Оқиға Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде орын алған. Ерекше режимдегі мекеменің қатаң ережесін бұзған азаматша сәлем-сауқат арқылы жымысқы ойын жүзеге асырмақ болған.

Жедел ақпаратқа сәйкес, мекеме қызметкерлері қамаудағыларға келіп түскен сәлемдемені тексеру барысында күдікті затты байқап, оны жіті тінту кезінде шәйнек ішінен бір дана құлаққап, екі дана USB тоғы және Теle2 операторының бір дана симкартасымен флэшкарта бар екендігін анықтаған. Атаулы сәлем-сауқат шымқалалық азаматшадан мекемеде жазасын өтеушінің біріне жолданыпты.

Қазіргі таңда заңды бұзған азаматшаны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481/бабы бойынша жазаға тарту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру