Қарағандыда дәнекерлеу аппаратын қолды қылған ұры ұсталды
Қарағанды облысында полиция қызметкерлері ауылдасының дәнекерлеу аппаратын ұрлаған ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин атындағы ауылдағы полиция бөліміне 48 жастағы ер адам жүгініп, белгісіз біреудің оның жеке үйіне кіріп, дәнекерлеу аппаратын ұрлап кеткенін айтып шағымданған.
Шығын мөлшері 60 мың теңгені құрады. Ұрлық жәбірленуші үйінде бір аптаға жуық болмаған кезде болған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 34 жастағы күдіктіні анықтап, ол кінәсін мойындады. Одан ұрланған дәнекерлеу аппараты тәркіленді.
Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.