Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ұрланған қымбат бағалы велосипед иесіне қайтарылды

Қарағандыда екі  велосипед ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 22 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің үйдің кіреберісінен құны 400 мың теңге тұратын велосипедін ұрлап кеткені туралы шағымданған.

3 қарашада Қарағанды қаласы ПБ  криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы жігітті  ұстады.

Күдікті кінәсін мойындап, ұрланған велосипед тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.

Сонымен қатар күдіктінің облыс орталығында 17 қазанда орын алған тағы бір велосипед ұрлығына қатысы бар екені анықталды.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру