Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда дизель отынын заңсыз сатқан ер адам ұсталды

Қарағандыда дизель отынын заңсыз сатқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қарағанды облыстық Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына қала шетінде бір азаматтың дизель отынын сататыны туралы ақпарат түсті.

3 қараша күні полиция қызметкерлері дизель отынын сатып аламын деген желеумен аталған азаматқа шықты. Азамат шынында да дизель отынын 400 литрден сататынын және бағасы литрына 220 теңге екенін айтқан. Сол күні полиция қызметкерлерімен азаматтан аз мөлшерде дизель отыны сатып алынған. Қызу сауда азаматтың биік дуалмен қоршалған үйінің ауласында жүргізілген.

15 қараша күні полиция қызметкерлерімен  қайтадан 600 литр дизель отының сатып алу кезінде 50 жастағы үй иесі және оның екі көмекшісі: ұлы мен жиені ұсталды.

Жедел уәкілдермен бақылау үшін алынып жатқан дизель отынымен қоса үш тонна дизель отыны, сұйықтықты соратын насос, жанармай құйу құралы, әртүрлі валютадағы 23 млн теңге ақша, «ПМ» тапаншасы мен оның екі оқ дәрісі тәркіленді. Кәсіпкер сатып жатқан дизель отынын журналға тіркеп отырған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 197-бабы 2-тармағы (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта кеншілер өлкесінде мұнай өнімдерінің көп мөлшері қайдан пайда болғаны анықталып жатыр. Тәркіленген қаруға сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру