Қарағандыда ер адам танысының ұялы телефонын ұрлап кеткен
Қарағандыда ұялы телефон ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz
19 қазан күні Теміртау қаласы Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 53 жастағы қала тұрғыны хабарласып, қонағының құны 20 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткені туралы шағымданған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 37 жастағы күдіктіні ұстады. Ұялы телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.
Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.