Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту бойынша қарқынды шаралар қабылдануда

Қарағанды облысының аумағында арнайы машиналардың базасында “Ekin PATROL”  жылжымалы кешені патрульдеуді жүзеге асырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“EkinPatrol G2” құрылғысы қоршаған ортаны және қызметтік автомобиль салонын бейнетіркеу, сондай-ақ көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын өлшеуге мамандандырылған құрылғы болып табылады.

Кешеннің барлық қызметі толығымен автоматтандырылған, бұл полиция қызметкерлерінің тіркелген фото және бейне деректерге түзетулер енгізуіне, бұрмалауына немесе жоюына мүмкіндік бермейді.

Мәліметтерді орталықтандырылған жүйеге қалыптастыру және беру процесі де автоматты режимде өтеді, бұл алынған деректердің объективтілігіне, дәлдігі мен толықтығына адами фактордың әсерін болдырмайды.

Анықталған құқық бұзушылық автоматты режимде Бас прокуратура мен Қарағанды облысының ПД серверіне біріктіріледі, онда өңделген материалдар адресатқа “Қазпошта”, сондай-ақ смс-хабарламалар  арқылы жіберіледі.

– Қазіргі уақытта аталған автопатрульдер Қарағанды, Жезқазған, Балқаш қалаларында және республикалық маңызы бар автожолдарда жұмыс істейді. Жоғарыда аталған кешендерді енгізу және пайдалану апаттылық деңгейін төмендетуге және жол қозғалысына қатысушылардың көлік құралын басқару мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған. Бүгінгі таңда “Ekin PATROL” кешендерінің көмегімен 200 млн теңгеден астам сомаға 26 837 айыппұл салынды, оның 180 млн теңгеден астам сомасы өндіріп алынды, – деп қорытындылады Қарағанды облысының ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру