Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ауылдасының бұзауын ұрлаған күдікті азамат ұсталды

Қарағанды облысында кезекті мал ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қазан күні Шет ауданының полиция бөліміне 52 жастағы ауыл тұрғыны хабарласып,  белгісіз біреудің  жайылымнан өзіне тиесілі бұзауын ұрлап әкеткенін айтқан.

Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құраған.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы ауылдың 52 жастағы тұрғыны ұсталып, ұрлығын мойындады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабына  (Мал ұрлау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру