Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда еріктілер мен полицейлер «Зомбылықсыз отбасы» акциясын өткізді

Қарағандыда еріктілер мен полицейлер «Зомбылықсыз отбасы» акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйекте Қарағанды қаласында сауда үйінің бірінің алаңында Қарағанды облысының полиция қызметкерлері, Жастар істері жөніндегі басқарма, Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ және Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесе отырып Отбасы күніне орай «Зомбылықсыз отбасы» атты акция өткізді.

Бұл акция отбасындағы этноәлеуметтік рөлдерге құрметпен және силастықпен қараудың және ұрпақ жалғастығының маңыздылығын түсінуге бағытталған; моральдық принциптерді, отбасы мен неке құндылықтарын сақтау; ата -аналардың бала тәрбиесіне дайындығы мен жауапкершілігін арттыру; әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту және қолдау.


Акция барысында еріктілер «Bolashaq» академиясының зерттеушілері әзірлеген әлеуметтік сауалнама жүргізді, оның мақсаты – қала тұрғындарының отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын білу, қазіргі қоғамдағы отбасылық қарым -қатынас туралы хабардар болу. Сауалнамаға 700 -ден астам адам қатысты.


Сондай-ақ еріктілер «Сіздің балаңызға көмек қажет екенін көрсететін 10 белгі» парақшаларын таратты. Сонымен бірге, полиция қызметкерлері мен мемлекеттік орган қызметкерлері азаматтарды қабылдап, кеңестер өткізді. Кеңес алу пунктіне 10-нан астам азамат жүгінді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру