Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ұялы телефон сатып аламын” шымкенттіктің есепшотынан ақша аударып алған алаяқ ұсталды

Шымкенттіктің есепшотынан ақша аударып алған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қыркүйен Әл-Фараби АПБ-ның 102 нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Онда OLX интернет қосымшасында тұрған ұялы телефонын белгісіз біреу аламын деп, ұялы телефонына келген хабарламаны сұрап алып, ондағы 100 мың теңге ақшасын басқа есепшотқа аударып алғанын көрсеткен.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны жеткізілді. Ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру