Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда есірткі сатушы 10 жылға сотталуы мүмкін

Қарағандыда есірткі сатушы 10 жылға сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 мамырда Қарағанды қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, облыстық  ПД есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемде есірткі сатпақ болған адамды ұстады. Республиканың оңтүстік облыстарының бірінің  36 жастағы тұрғыны ұсталды.

– Тінту кезінде жол сөмкесінен есірткі заты табылды. Сарапшылар қорытындысы бойынша сөмкеде болған салмағы жеті келі «гашиш». Күдікті есірткіні сату үшін Қарағандыға алып келген, – деді Қарағанды облысының ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Аталған факт бойынша ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру