Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы автожолдарында 80-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Павлодар облысы автожолдарында бір күнде 80-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Тәулік сайын қызметке 50-ге жуық инспектор түседі, олармен соңғы тәулікте 80-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мысалы, жылдамдық режимін асырғаны үшін 25 жүргізуші ұсталды, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін бес бұзушы тартылды, бір адам тиісті құжаттарсыз көлік жүргізді, төрт автомобиль жүргізушісі көлікті жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланды, – деді Павлодар облысы ПД-нің патрульдік полиция ротасының командирі Жақсылық Байысбеков.

Мәселен, Павлодардағы Жібек-Жолы көшесінде рота қызметкерлері “Киа” автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісі телефонмен сөйлесіп, жол қозғалысы ережелері мен тәртібін бұзды.
Сонымен қатар, сағат 00:15 шамасында “Павлодар-Шарбақты” автожолының 78 шақырымында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тіркемесі бар “Ауди-100” автокөлігін ұстады, ер адам тиісті құжаттарсыз үш бас ірі қара мал тасымалдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру