Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысшының аппаратын тартып алған қазығұрттық дүкен иесі тергеуде

Түркістан облысының полицейлері өзінше билік етіп, ер азаматқа 350 мың теңге шығын келтірген күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша кешкі сағат 17:00 шамасында өзінің жұмыс жасайтын сауда орнына дүкен иесі келіп, жалға алу ақысын төлемедің деген сылтаумен балмұздақ шығаратын аппараты мен электр стабилизаторын өзінше билік етіп, алып қойғанын көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 350 мың теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Қазығұрт АПБ-ның полицейлері ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада барды. Жергілікті учаскелік полицейлер істің ақ-қарасын ажырату үшін шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жәбірленушіге күш көрсеткен күдікті ер азаматты анықтады. Ол тартып алған заттарын танысына уақытша беріп қойған. Қазіргі таңда айғақ ретінде алынған заттар заңды иесіне қайтарылды. Осылайша күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы келу туралы міндеттемеде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және өз мүлкін бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмау керектігін ескертеді. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру