Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қылмыстың қалай азайғандығы туралы полицияда айтты

Алматыда қылмыстың қалай азайғандығы туралы полицияда айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс үрдісі жақсы қарқынмен төмендеуде.

– Карантиндік қатаң шаралар мен біздің шешімдеріміздің арқасында қылмыстардың жалпы тіркелуі 21%-ға азайды. Сонымен қатар, қылмысты ашуды барлық бағыттар бойынша жақсарттық. Біз жұмысты ұйымдастыруды қайта қарадық. Маңызды шешімдердің бірі 2019 жылы басталған модульдік полиция бекеттерін орнату болды. Талдау нәтижесі бойынша, ең алдымен қылмыстық қаупі бар жерлерде 20 пост құрылды. Мұндай қызмет түрі халықпен тығыз байланыста болуға, танымал болуға және жақын маңда орналасуға мүмкіндік берді. Полиция посттарының болуы аумақтардағы құқық бұзушылықты азайтуға, тіпті болдырмауға мүмкіндік берді. Өткен жылы тағы 17 осындай пост орнатылды. Олар патрульдеу жүргізілетін аймақтардың эпицентрінде болатындай етіп орнатылған және жаяу және көлікнарядтарын үйлестіреді. Біз бұл әдісті қабылдадық және осы тәжірибені жалғастырамыз. Осы жылдың аяғына дейін біз әр түрлі аудандарда қосымша жеті пост орнатамыз, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Шаһар полициясы бастығының айтуынша, қылмыстың төмендеуіне ықпал ететін тағы бір фактор – патрульдік полиция қызметкерлерінің 30%-ы автокөліктен жаяу жүру қызметіне ауысуы.

– Жаяу жүру бағыты кезінде бізде бейнекамералар жоқ жерлер, жарықтандырылмаған орындар, сондай-ақ, есепте тұрған адамдар тұратын мекен жайлар қарастырылған. Нәтижесінде көшедегі қылмыстың 3,8 есеге төмендеуіне қол жеткіздік. Екінші жартыжылдықтан бастап біз жаяу патрульдер санын 50%-ға дейін жеткіземіз, – деп түйіндеді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру