Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мұқият болыңыз: Алматы полициясы үндеу жасады

Алматы полициясы үндеу жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтармен байланысқа түспеу үшін қаржылық сауаттылықты арттыру тұрғысынан Алматы полициясының ресми үндеуін қайталау қажеттілі туындады.

– Өкінішке орай, қылмыс бір орында тұрмайды және күн сайын жаңа көріністерге ие болады. Алаяқтық – бұл мүліктік қылмыстардың кең таралған түрлерінің бірі. Олардың ішіндегі ең өзектісі – несие саласындағы алаяқтық. Біз, несие берудің қолайлы шарттары мен тез өңдеу мерзімдері туралы уәде беретін делдалдармен байланыс жасамауды ұсынамыз. Әдетте, мұндай адамдар сіздің сенгіштігіңізді, қаржылық технологиялар мен құқықтық мәселелер саласындағы нашар білімін пайдаланып, өзін қылмыстық тұрғыдан байытатын әлеуетті алаяқтар болып табылады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Тәжірибе көрсеткендей, жеңіл ақшаны ұнататындар – жақсы психологтар, олар тез және оңай азаматтардың сеніміне кіреді және өте сенімді көрінеді.

Мұқият болыңыз және әркімге сене бермеңіздер!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру