Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Өз өміріңе балта шаппа”: Алматы полициясы есірткіге қарсы әлеуметтік ролик шығарды

Алматы полициясы есірткіге қарсы әлеуметтік ролик шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік бейнеролик жастардың назарын қазіргі заман дертіне және есірткіні қолданудың салдарына аудару мақсатында түсірілді.

– Мақсатты аудитория – көбінесе жаман әсерге ұшырайтын және психикасы жетілмегендіктен есірткі сатушыларының айла-амалына түсіп кетуі мүмкін жастар. Бейнероликте есірткі тұтынушыларға да, сатушыларға да зиянды салдары көрсетілген. Түсірілімге белгілі актерлар, спортшылар мен көрнекті қайраткерлер қатысты, бұл үшін оларға ерекше алғыс айтамыз. Негізінен, біз есірткіге қарсы мотивациялық жарнама және оң моральдық көзқарастар туралы айтып отырмыз, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Бейнероликті жасау кезінде скептик жастардың назарын аударатын және есірткі өмірге үйлесімді қосымша бола алады, осыған байланысты өмірде де табысты болуға болады деген заманауи мифтерге күмән тудыратын телевизиялық өнім жасау міндеті тұрды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру