Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер көпбалалы анаға қайырымдылық көмек көрсетті

Шымкенттік полицейлер көпбалалы анаға қайырымдылық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының № 30 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары көпбалалы анаға көмек көрсетті.

5 ақпанда тәртіп сақшылары қамқоршысынан айырылған, бес ұл-қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ананың жағдайын біліп, үйіне күнделікті тұтынуға қажетті азық-түліктер жеткізді. Сонымен қатар, басқа да қажеттіліктер үшін қаржылай көмектерін көрсетті.

– Бізді елеп-ескеріп көмек көрсеткендеріңізге ризашылығымды білдіремін. Күтпеген жерден келдіңіздер, қуанып тұрмыз. Осындай қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырған сіздерге алғысым шексіз, Алла разы болсын сіздерге! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Өсіп келе жатқан ұл-қыздарыңыздың рахатын көріңіздер. Осы менің де тәрбиелеп отырған балаларым өздеріңіз секілді ер жете берсін, еліне пайдасы мол азамат пен азаматша бола берсін, – деп алғысын айтты бес баланың анасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру