Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының көші-қон қызметі 16 жаста жеке куәлікті қалай алуға болатынын айтты

Алматының көші-қон қызметі 16 жасқа толған азаматтарды құжаттандыру ережелері туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеке куәліктер Қазақстан Республикасының азаматтарына он алты жастан бастап беріледі.
Жеке куәлікті ресімдеу Халыққа қызмет көрсету орталықтарында орналасқан Алматы қаласы көші-қон қызметінің аудандық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

16 жасқа толған кезде құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет берушіге мыналарды көрсету керек:

– 16 жастағы адамның туу туралы куәлігінің түпнұсқасы;
– құжатталған тұлғаның жеке болуы;
– ата-аналардың біреуінің немесе заңды өкілінің міндетті түрде қатысуы.
Құжаттарды дайындау мерзімі демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 15 жұмыс күнін алады.

Сондай-ақ, құжаттарды жеделдетілген түрде дайындау қызметі бар:
– 1-санат бойынша құжаттарды дайындау бір жұмыс күнін алады (тіркеу күнін қоспағанда) құны 4 983 теңге.
– 2-санат бойынша құжаттарды дайындау үш жұмыс күнін алады (тіркеу күнін есептемегенде) құны 2 752 теңге.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру