Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында 5 млн теңгенің құрал-жабдықтарын ұрлағандар ұсталды

Қарағанды облысында бес млн теңгенің құрал-жабдықтарын ұрлағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамырда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Мұстафин ауылының полиция бөліміне ауылдардың бірінде белгісіз адамдар түнде кәсіпорын аумағына кіргені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, Қарағанды қаласының 25-тен 38 жасқа дейінгі үш тұрғынын ұстады. Күдіктілер жүк көтергіштігі бес тонна кран-арқалықты, электр қозғалтқышын, пеш қазандығын және құны бес миллион теңгені құрайтын басқа мүлікті ұрламақ болғаны белгілі болды.

Полиция аяқталмаған қылмыстың заттай дәлелдерін газбен дәнекерлеу аппаратын алды. Ұрылар оны жабдықтарды бөлшектеу кезінде қолданған.

ҚР ҚК-ның 24-188 бабы (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру