Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да тұрғын танысының үйін өртеп жіберді

СҚО полицейлері өртеу фактісін тергеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 мамырға қараған түні М. Жұмабаев ауданында Қарақоға ауылындағы тұрғын үйлердің бірін жалмаған өрт орын алған. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ: жалғызбасты 52 жастағы әйел танысының үйінде түнеген. Ол полицейлерге жуырда жанжалдасып қалған өзінің жақын таныс адамы қоқан-лоқы көрсетпек болғанын хабарлаған. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері нақты өрттің себебі қасақана өртеу екендігін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ұрлық жасағаны және ауыр дене жарақаттарын келтіргені үшін сотталған 42 жастағы жергілікті тұрғынның қатысы бары расталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы (Бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

– Ұстау кезінде күдікті алкогольдік масаң күйде болған, — деп нақтылай түсті аудандық полиция бөлімінің бастығы Қайрат Бимендин. – Ішімдікті асыра пайдалану көбіне адамдарды заң бұзуға итермелейді. Күдіктінің айтуынша, аулада тұрған дивандағы жамылғыны өртеу үшін оттықты пайдаланған. Аталған факті бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру