Қарағандыда гараждан мүлік ұрлаған жігіт анықталды
Қарағандыда жігіт шатырды бұзып, гаражға кіріп, мүлік ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне 27 жастағы қала тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, белгісіз біреу шатырды бұзып, гаражға кіріп, автокөлік пен мотоциклдің қозғалтқыштарын, газ генераторын, қосалқы бөлшектерін тартып алған. Келтірілген шығын көлемі 440 мың теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
11 сәуірде криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 18 жастағы жас жігітті күдікті деп танып, анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Заттай айғақтар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.