Қарағандыда кәріз люктерінің қақпақтарын ұрлаған ер адам ұсталды
Қарағандыда кәріз люктерінің қақпақтарын ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 мамырда Қарағанды қаласының Ә. Бөкейханов атындағы ауданның жеке үйлер орналасқан төрт көшесінде кәріз люктерінің қақпақтары ұрланған. Қаланың коммуналдық шаруашылығына 210 мың теңге көлемінде залал келтірілді. Өтіп бара жатқан адамдардың ашық люктерге құлауын болдырмау үшін ұйым құдықтарды жедел жауып тастады.
Қарағанды қаласының Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне ЖШС басшысынан өтініш келіп түсті. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ауданның 39 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам кінәсін толық мойындап, ұрланған қақпақтарды қайтарды.
Ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.