Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері есептегі сотталғандардың балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлады

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері есептегі сотталғандардың балаларына мерекелік көңіл-күй сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов аудандық пробация қызметі еріктілермен бірлесіп мерекелік атмосфера құру үшін “Baby land” ойын-сауық орталығында ата-аналары қиын өмірлік жағдайға тап болған, Семей қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың балаларына уақыт бөліп, мерекелік көңіл-күй сылады. Балалар батуттарда ойнап, аттракциондарға мініп, сондай-ақ тәттілермен тамақтанды.

– Біз осы іс-шараға алдын ала дайындалдық, осыған орай есепте тұрған және қаржылық қиындықтары бар отбасыда тәрбиеленіп жатқан балаларды қуантқымыз келді. Олардың бірі – төрт кішкентай баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке. Балаларды қорғау күнінің осы жарқын мерекесінде бейбітшілік пен жақсылық тілегіміз келеді, өйткені біз бәріміз бала бала болғанбыз. Осы іс-шараны өткізуге көмек көрсеткені үшін еріктілерге үлкен алғыс білдіргіміз келеді, – деп атап өтті бөлім бастығы Бауыржан Малгаждаров.

Барлық мерекелер қарсаңында ҚАЖ қызметкерлерінің балалармен тұрақты кездесуі жақсы дәстүрге айналғанын атап өткен жөн. Балалардың әкесі өз кезегінде қызметкерлерге көрсеткен қамқорлығы үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру