Қарағандыда көлік ұрлау кезінде бір топ адам ұсталды
Қарағандыда көлік ұрлау кезінде бір топ адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 желтоқсанда Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция жасағы қалалардың бір ауданында қоғамдық тәртіпті қорғау қызметін жүргізді. Сағат 18.30 шамасында полицейлер гараждар орналасқан аумақта бір топ адамды байқаған. Олардың әрекеті тәртіп сақшыларының күдігін тудырып, нәтижесінде 27 және 42 және 31 жастағы үш ер адамды ұстады.
Күдіктілер гаражды ашып, көлікті бөлшектеп, металл қабылдайтын жерге өткізуді жоспарлағандарын мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полицейлер гараж бен көлік иесінің жеке басын анықтауда.