Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақшасын көбейтпек болған кезекті түркістандық алаяққа алданып қалды

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық жасаған жігітті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленушінің айтуынша, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы белгісіз азамат “ақша берсең, 10 күн ішінде 50%-ға көбейтіп беремін” деп алдағанын көрсетті. Яғни күдікті салған ақшаң еселеп қайтарылатын болады деп сендіріп, 250 мың теңге алған. Алайда арада біршама уақыт өткенде телефонын көтермей, байланысқа шықпай қойған. Содан алаяққа алданғанын түсінген тұрғын, бірден полицейлердің көмегіне жүгінді. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық)  бойынша тіркеді.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан алаяқты ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел тергеу тобы құрылды. Жәбірленушінің ақша салып жіберген банк қосымшасы арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Полиция қызметкерлері осы қылмыстың ашылып, күдіктінің ұсталуы бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізді. Тәртіп сақшыларының жедел әрекеті нәтижесінде, алаяқтың жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері облыс тұрғындарына таныс емес азаматтарға сенбеуді, алаяқтың арбауына түсіп қалмауды ескертеді. Сондай-ақ жеке мәліметтерді, не болмаса ақшаны желі немесе WhatsApp мессенджері арқылы ешкімге жібермеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру