Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда көлік жүргізушісіне шабуыл жасағандар ұсталды

Қарағандыда көлік жүргізушісіне шабуыл жасағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 желтоқсанда Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне белгісіз біреулер көлік жүргізушісіне шабуыл жасағаны туралы хабарлама түсті.

Жәбірленуші 50 жастағы ер адам жаяу жүргіншілер өткелінде тұрып, көлік қозғалысына кедергі келтірген белгілі екі азаматқа ескерту жасағанын түсіндірді. Жауап ретінде олар жәбірленушіге соққы жасап, көлікті зақымдаған.

Полицейлер күдіктілерді – 33 және 41 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады. Ұсталғандар кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру