Қарағандыда күзет қызметкеріне шабуыл жасағандар ұсталды
Қарағандыда күзет қызметкеріне шабуыл жасағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне Ержанов көшесіндегі сауда нүктелерінің бірінің жанында белгісіз біреулер күзет қызметкеріне шабуыл жасағаны туралы хабарлама түсті.
Жәбірленуші – 41 жастағы күзет ұйымының жүргізушісі көлігін дүкеннің жанына қойғанда, оған екі бейтаныс адам себепсіз жанжал туғызып, көліктің терезесін сындырып тастаған.
Патрульдік полиция қызметкерлері күдіктілерді – 29 және 31 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар қылмысын мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.