Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда күзет қызметкеріне шабуыл жасағандар ұсталды

Қарағандыда күзет қызметкеріне шабуыл жасағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қазанда Қарағанды ​​қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне Ержанов көшесіндегі сауда нүктелерінің бірінің жанында белгісіз біреулер күзет қызметкеріне шабуыл жасағаны туралы хабарлама түсті.

Жәбірленуші – 41 жастағы күзет ұйымының жүргізушісі көлігін дүкеннің жанына қойғанда, оған екі бейтаныс адам себепсіз жанжал туғызып, көліктің терезесін сындырып тастаған.

Патрульдік полиция қызметкерлері күдіктілерді – 29 және 31 жастағы екі ер адамды ұстады. Олар қылмысын мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру