Қарағандыда ломбард қызметкері 2 млн теңгеге ақша мен бағалы заттар ұрлаған
Қарағандыда ломбард қызметкері 2 млн теңгеге ақша мен бағалы заттар ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне қаладағы ломбардтардың бірінің басшысы арызбен жүгінген. Жәбірленуші арызында кезекті тексеріс жұмыстары барысында ломбардтан алтын бұйымдар мен ақша ұрланғаны туралы хабарлаған. Оған келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгені құраған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
16 наурыз күні криминалдық полиция қызмектерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен ұрлық болған ломбардта сарапшы болып жұмыс істеген 26 жастағы азаматша ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.