Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда кондитерлік бұйымдар жымқырған ұры қолға түсті

Қарағандыда кондитерлік бұйымдар ұрлаған ұры қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 54 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Кондитерлік бұйымдар сатумен айналысатын азаматша полиция қызметкерлеріне белгісіз біреу сауда орынынан 6 қорап тәттілерді ұрлап кеткенін айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 12 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында “ізін сутыпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.

Алдын ала тергеу жұмыстары барысында күдіктінің осыған ұқсас тағыда екі қылмысқа қатыстылығы анықталды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру