Қарағандыда мемлекеттік нөмірді ұрлаған жігіт қылмыс орнында ұсталды
Қарағандыда мемлекеттік нөмірді ұрлаған жігіт қылмыс орнында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 мамырда Қарағанды қаласының ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері мониторларды бақылау кезінде Комиссаров көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында тұрған автокөліктен мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алып жатқан бір азаматты байқады. Санаулы минутта оқиға орнына Қарағанды қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері мен Патрульдік полиция полкінің жасағы жетті. Ұры жасырынып үлгермеді. Ұсталған 18 жасар жас жігіттен екі автокөліктен шешіп алған мемлекеттік нөмірлер табылып, тәркіленді.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бастап қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақыта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.