Қарағандыда металл гаражын ұрлаған күдіктілер ұсталды
Қарағандыда металл гаражын ұрлаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері мүліктік қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар өткізді. Оларға белгісіз адамдар металл гаражды ұрлады деген ақпарат келіп түскен.
Полицейлер күдікті ретінде – 37 және 38 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады. Олар мойындау көрсетпелерін берді. Қаскөйлер қаланың бір ауданындағы гаражды қарап шыққаны белгілі болды. Түнгі уақытта олар манипуляторды жалдап, объектіге апарып, гаражды көлікке орналастырып, басқа жерге көшірген. Күдіктілердің айтуынша, олар гаражды сатуды немесе бөлшектеп, металл сынықтарын қабылдау пунктіне өткізуді жоспарлаған. Заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі уақытта полицейлер жәбірленуші тарапты анықтап жатыр.
Ал Қарқаралы қаласының 51 жастағы тұрғынының жеке үйлердің бірінің ауласындағы бетон араластырғышқа көзі түскен. Аталған жабдық ер адам жүргізетін құрылысты жөндеу үшін пайдалы болар еді. Түнде ол біреудің ауласына кіріп, бетон араластырғышты ұрлап кеткен.
Таңертең 22 жастағы жәбірленуші оның жоғалғанын байқап, Қарқаралы ауданының полиция бөліміне жүгінді. Ол материалдық шығынды 70 мың теңгеге бағалады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері өз кінәсін мойындаған күдіктіні ұстады. Бетон араластырғыш алынып, жәбірленуші тарапқа қайтарылды.
Аталған фактілері ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.