Қарағандыда «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде
Қарағандылық полицейлер «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасының екі күнін қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының 15-і мен 19-ы аралығында Қарағанды қаласында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Алғашқы екі күн ішінде Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары 54 шетелдік азаматты тексерді.
Жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында елімізде құжатсыз жүрген екі Өзбекстан азаматы анықталып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабына (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) хаттамалар толтырылып, жиналған материалдар сотқа жіберілді.
Шетелдік азаматтарды жұмысқа тарту кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел бұзған Қарағанды қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 519-бабына (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.