Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тәртіп сақшылары брифинг өткізді

Қызылордада “Борышкер” іс-шарасы туралы брифинг өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Азамат Оспанов  әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы туралы өткізілген брифинге қатысты. 

Аталған іс-шара 2021 жылғы 15 ақпан  – 15 наурыз аралығында өткізіледі.

– ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс. Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894-бабына сәйкес айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында материал сот орындаушыларына жолданады, – деді ол.

Іс-шара барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері сот орындаушыларымен бірлесіп, борышкерлерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Рейд барысында қарыздары бар жүргізушілердің тізімдері әзірленіп, мобильді топтар аталған автокөліктерді анықтаған жағдайда олар айыппұл тұрағына қойылып, мемлекеттік тіркеу белгілері тәркіленеді.
Айыппұлдарын төлемей жүрген азаматтарға қатысты мәжбүрлеу шаралары қолданылуда. Сот орындаушыларына түскен әкімшілік істер бойынша бүгінде бірқатар шектеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.

– Осы орайда айыппұлды заңда қарастырылған мерзімде 50 пайыз жеңілдікпен төлеуді немесе бір ай мерзімнен кешіктермей төлеулеріңізді сұраймыз, – деп атап өтті басқарма бастығының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру