Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Қарағанды қаласында адам өлтірді деген күдікпен 38 жастағы әйел қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамырда Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінен 33 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Сот медициналық сараптамаға сәйкес адам өлімі қылқындыру салдарынан болған.


Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті полиция және патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің нәтижелі жұмыстарының арқасында 38 жастағы әйел ұсталып, қылмыс жасағаны бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді.


Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру