Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер оқушылармен ерлік сабағын өткізді

Қарағандыда Отан қорғаушылар күні қарсаңында полицейлер оқушылармен ерлік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы ПД әскери және еңбек даңқы мұражайының директоры Айжамал Айтжанова Қарағанды қаласының № 21 мектебінің кадет сыныбының оқушыларымен ерлік сабағын өткізді.

Іс-шара Отан қорғаушылар күніне арналған. Балалар бүгінгі күннің тірі батырларын өз көздерімен көрді. Олардың бірін полиция майоры Ербұлан Мұқановты отставкадағы әділет полковнигі, халықаралық полиция қауымдастығының облыстық филиалының төрағасы Ася Хегай таныстырды.

– Өмірде әрқашан ерлікке орын бар. Бұл сөздерді Ербұлан Мұқанов өзінің іс-әрекетімен растады және сізден үлгі алатын адам бар, – деп атап өтті.

Бұқар Жырау ауданы ПБ Ғ. Мұстафин атындағы кенті полиция бөлімінің қызметкері Е.Мұқанов қызметінен кейін үйіне қайтып келеді. Бір жеке үйдің жанынан өтіп бара жатып, оның үстінен түтін шығып жатқаның көріп, біреудің айқайын естіді. Полицей ойланбастан көмекке ұмтылды. Жанып жатқан үйдің есігі құлыптаулы болған. Сонда Ербұлан терезені сындырып құрылыс ішіне кірген. Қатты түтінделген үй-жайлардың бірінде еденде ес-түссіз жатқан қарт адамды тапты, оның жанында дабылды көтерген әйел-жұбайы болды. Полицей отбасылық жұпты көшеге шығарып, оларға көмек көрсетті.

– Менің орнымда әрбір полиция қызметкері осындай әрекет жасайды деп ойлаймын, – деп атап өтті Е.Мұқанов.

Полиция аға лейтенанты Тайбек Омаров өзінің спорттық мансабын қазақша күрес сияқты спорт түрімен ерте бастады. Қазір ол спорт шебері, Қазақстан чемпионы. Спортпен шұғылдану мені полицияға алып келді.

– Ол үшін мен еш өкінбеймін. Қазір менің дағдыларым жұмысқа көмектесуде, – дейді Т.Омаров.

Әріптестері полиция капитаны Қуаныш Медеубаевты «погондағы ақын» деп атайды. Бұл үшін барлық негіз бар. Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев және Төлеген Айбергенов атындағы республикалық байқаулардың лауреаты. Сондай-ақ, Қ.Медеубаев екі өлеңдер жинағының, әндердің авторы. Оның шығармалары Әзербайжан, испан және француз тілдеріне аударылған.

– Полиция органдарында жұмыс істей жүріп, мен қызметкерлеріміздің ерлігі туралы бірнеше шығарма жаздым. Бұл туындылардың барлығы жүрегімнің түбінен шықты, әсіресе мен әрқашан батырлардың қасында боламын, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру