Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер мереке қарсаңында марапатқа ие болды

Мақтааралдық полицейлер мереке қарсаңында марапатқа ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтааралдық полицейлер Ақалтын мәдениет үйінің концерт залында Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 77 жылдығына орай ерекше мерекелік шара өткізді.

Шараға Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері, осы салада қызмет атқарған ардагерлер мен мәдениет үйінің өнерпаздары қатысты. Шара барысында бөлімде өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген полицейлер марапатталды.

Атап айтсақ, ҚР ІІМ-нің “Ішкі істер органдарының үздігі” номинациясымен бір қызметкер марапатталды. Сондай-ақ, Түркістан облысы Полиция департаментінің грамотасына екі қызметкер ие болды және Мақтаарал ауданы әкімдігінің грамотасымен – 15, Мақтаарал ауданы мәслихатының грамотасымен – 11 және Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің алғыс хатымен 23 үздік қызметкер марапатталды.

Шара соңында Мақтаарал аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтап, оларға арналған арнайы мерекелік концерт қойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру