Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-да мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-да мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мерекесінің қарсаңында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде мерекелік іс-шара өткізілді. Онда жеке құрамға ҚР ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың ардагерлерді және ІІО жеке құрамын құттықтаған бейнеролигі көрсетілді. Сонымен қатар, департамент бастығы Дархан Қанатбеков жеке құрамды мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

Салтанатты жиында қызметте жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген қызметкерлер мен ҚАЖ комитеті жеке құрамы арасында өткізілген волейбол турнирінен 2-орын алған қызметкерлер марапатталды.

Іс-шараның соңы мерекелік қонцертпен ұласты.

Аталған мерекелер құрметіне Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты ЛА-155/6 мекемесіндегі сотталған балалар да кеш ұйымдастырды.

Мерекені ұйымдастырушылар залды азапты жылдар көріністеріне толы газеттермен және суреттермен безендіріп, өткен тарихты еске түсірді. Бұл іс-шара жазалы балалардың өткен тарихты құрметтеуге деген сезімдерін арттырып, Отан үшін жанын қиған жауынгерлерді еске алды.

Сотталған балалар соғыс туралы әндер шырқап, өлеңдер оқыды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру