Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 30-дан астам ҚАЖ қызметкері марапатталды

Алматыда 30-дан астам ҚАЖ қызметкері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Конституция күнін Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы мерекелік көңіл-күймен атап өтті.

– Әділдік пен әрбір қазақстандықтың тең құқылы болуын негізге алатын біздің Конституциямыздың қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Басқа мемлекеттер тарапынан да Қазақ елінің Ата Заңына деген құрмет ерекше. Тарихы тереңнен басталатын басты құжат бізге оқуға, білім алуға, еңбек етуге кепілдік беріп отыр. Сіздердің де осы қамқорлықты жақсы бағалап, Отанға адал қызмет етулеріңізге тілектеспін, – деді ҚАЖ департаментінің бастығы Д.Қанатбеков.

Мереке құрметіне бірқатар қызметкерлердің арнаулы шендері Ішкі істер министрі М.Ахметжановтың бұйрығымен мерзімінен бұрын жоғарылатылды. Атап айтқанда, ЛА-155/13 мекемесі бастығының орынбасары Ә.Әлімжанов пен ЛА-155/6 мекемесі бастығының кезекші көмекшісі А. Ахметбековтер осындай құрметке бөленсе, СИ-155/18 мекемесі бастығының орынбасары М.Кәкімжанов “Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды. Бірқатар қызметкерлер ҚАЖ комитетінің бастығы Ж.Ешмағамбетовтың грамотасы мен алғыс хаттарына ие болды. Марапатталғандардың арасында Алматы қаласы ҚАЖ департаментінің грамоталары мен алғыс хаттарын алған қызметкерлер де бар.

Салтанатты мерекеде ҚАЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сағалбаев сөз сөйлеп,  жеке құрамды Ата заң күнімен құттықтады.
Ата Заңымызға арналған айтулы күні қылмыстық-атқару жүйесіне жаңадан қабылданған мамандар Ант қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру