Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Алматыдағы тергеу изоляторына барып қайтты

ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары Алматыдағы тергеу изоляторының бейнебақылау камераларымен жабдықталуымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиев жуырда Алматы қаласындағы №72 мекемеде болып, мекемедегі жедел-режимдік жағдаймен және бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстарының нәтижесімен танысты.

Аумағы 8 гектардан асатын №72 мекемесі (Тергеу изоляторы) 2007 жылы пайдалануға берілген. 1360 адамға арналған мекемеде қазір 1231 адам ұсталады. ҚАЖК төрағасының орынбасары іссапар барысында мекемедегі фронт-офис, кезекші бөлім, онлайн бейне-процестер өтетін бөлмелердің, кезекші және режимдік бөлімдердің, сот процестерін жүргізуге арналған бейнеконференц залының, қысқа мерзімді кездесу бөлмелерінің бейне камералармен жабдықталуымен танысты. Қазіргі таңда камералар орналасқан жерлерге кабель тарту сатысында үздіксіз бейнебақылау орнату бойынша монтаж жұмыстары жалғасуда.

2020 жылдың сәуір айынан бастап коронавирус індетіне байланысты мекеме басшысының жетекшілігімен №72 мекемеде тергеу тұтқынындағыларды сот залына тасымалдамай, сот отырыстары онлайн түрде өткізілді.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша төраға орынбасары Алматы қаласы бойынша ҚАЖД басшылығы және жеке құраммен кеңес өткізіп, мекемелерге үздіксіз бейнебақылау орнату, сотталғандарды ұстау режимін сақтау бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру