Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Қазақстан полициясына 30 жыл

Алматы ҚАЖ департаментінде 100-ден астам қызметкер марапатталды

Алматы ҚАЖ департаментінде 100-ден астам қызметкер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы Қазақстан полициясы күнін салтанатты түрде атап өтті.

“Алатау” дәстүрлі өнер театрынның кең залында өткен салтанатты іс-шараға Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің еңбек ардагерлерімен қатар Ауған соғысының ардагерлері де қатысты.
Салтанатты жиынды ҚАЖД бастығы Д.Қанатбеков ашып, құттықтау сөз сөйледі.

– Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойы күні еліміздің тыныштығы үшін жігерлі еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлерге табысты еңбек тілеймін. Бүгін біздің арамызда Қазақстандағы қылмыстық-атқару саласына елеулі еңбек сіңірген ардагерлеріміз отыр. Олардың еңбек жолы бүгінгі жас ұрпаққа өнеге болуда. Сондай-ақ, бүгінгі мереке қызмет бабында қаза тапқан әріптестерімізді еске алу күні. Отан алдында қабылдаған анттарына адал болған ерлердің есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Қылмыстық-атқару саласының жауапты жұмысын абыроймен атқарып жүрген барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт пен амандық тілеймін, – деді Д.Қанатбеков.

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерін Алматы қаласындағы “Ауған соғысы ардагерлері одағының” төрағасы Мұрат Абдушкуров пен “Әскери барлау ардагерлері одағының” Қоғамдық бірлестігінің басшысы Абушарип Жаманқұлов та құттықтап, Қазақстан азаматтарының құқығын сақтау жолында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегіне табыс тіледі.

Қазақстан полициясының төл мерекесіне арналған жиында Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 100-ден астам қызметкері мараптталды. Олардың арасында 70 қызметкер “Қазақстан полициясының 30 жылдығы” медалімен марапатталды.

Салтанат соңында жиналғандар Майра Ілиясова, Абай Бегей, Серік Ибрагимов сияқты өнер жұлдыздарының концертін тамашалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру