Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 28 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Павлодар облысында 28 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында жылдың басынан бері 28 жүргізуші ҚР ӘҚБтК 596-бабының 3-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартылып, 6 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды.

Мысалы, облыс орталығының Ак. Сәтпаев көшесінде 55 жастағы жүргізуші Lada-21144 автокөлігін басқарып келе жатып, қарама-қарсы қозғалысқа арналған жүріс бөлігіне қарай шыққан. Автоәуесқой ҚР ӘҚБтК 596-бабының 3-бөлімі бойынша жауапкершілікке тартылды. Енді жүргізушінің өз әрекеттері туралы ойлануға көбірек уақыты болады, өйткені ер адам 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылған.

– Жол қозғалысының тәртіпсіз қатысушылары құқық бұзушылардың негізгі үлесін құрайтынын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда 59 мыңға жуық адам жол қозғалысы ережелерін сақтамаған, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру